Бэйдайхэ (Қытай) қаласында фристайл-могулдан Әлем кубогының кезеңі аяқталды. Қазақстан құрамасы бұл жарыста жүлделі орындарға іліге алмады. деп хабарлайды Ulyssport.
Могулда Павел Колмаков оныншы орын алды. Фёдор Бугаков 40-шы, ал Антон Бондарев 42-ші болып жарысты аяқтады.
Әйелдер арасында Анастасия Городко алтыншы орынға ие болды, ал Юлия Галышева сегізінші нәтиже көрсетті.
Параллель могулда Колмаков үздік ондыққа еніп, жетінші орынға тұрақтады. Бугаков 36-шы, ал Бондарев 44-ші болды.
Городко 1/4 финалға дейін жетіп, жарысты жетінші орынмен аяқтады. Галышева 13-ші нәтижені көрсетті.