Өзбек боксшылары қазақтарға қарсы жұдырықтаспайтын болды, деп хабарлайды Ulyssport qsport.kz сайтына сілтеме жасап.
Бүгін Болгариядағы "Странджа" турнирінде Төрехан Сабырхан мен Серік Теміржанов өзбекстандық Олимпиада чемпиондарымен кездесуі керек болған. Алайда boxinguzbekistan_official хабарлағандай, екеуі де жекпе-жекке шықпайды.
– Бірінші күнгі жекпе-жектер тізімінде Олимпиада чемпионы Абдумәлік Халоқовтың кездесуі бар еді. Алайда оның кәсіби жекпе-жегінің уақыты ертерек өзгертілгендіктен, Испанияға ұшып кететін болды. Демек ол бүгін “Strandja” турнирінде рингке шыға алмайды.
Тағы бір чемпионымыз Асадхожа Муйдинхожаев те бүгін Болгарияда жекпе-жек өткізуі керек еді. Бірақ ол турнир алдында алған жарақатынан толық айықпағандықтан, кездесуге қатыса алмайды, - деп хабарлайды.
57 кг. Залимхан Сулейманов – Дәулет Молдашев
67 кг. Асадхуджа Муйдинхуджаев – Төрехан Сабырхан
60 кг. Абдумалик Халоков – Серік Теміржанов
67 кг. Санатәлі Төлтаев – Мехмед Эмирджан