Астанада жекпе-жекке шығатын Зауырбектің қарсыласы белгілі болды

Дастан Кенжалин

Сұлтан Зауырбектің қарсыласы белгілі болды, деп хабарлайды Ulyssport.

Ашық дереккөзден

5 сәуір күні Астанада Жәнібек Әлімханұлы мен Анауэль Нгамиссенге жұдырықтасады.

Ал басты жекпе-жек алдында жұдырықтасуға шығатын Сұлтан Зауырбектің (19-0, 13 KO) де қарсыласы анықталды.

Қазақстандық боксшы оңтүстікафрикалық Азинго Фузилемен (18-2, 12 KO) жұдырықтасады.