Фристайл-могулдан Қазақстанда өтетін Әлем кубогында бақ сынайтын ұлттық құраманың спортшылары анықталды, деп хабарлайды Ulyssport.
28 ақпан – 2 наурыз аралығында Алматыдағы «Шымбұлақ» тау шаңғысы курортында фристайл-могулдан Әлем кубогының кезеңі өтеді.
Бұл жарыста Қазақстан құрамасының атынан сегіз спортшы бақ сынайды.
Құрамға Юлия Галышева, Анастасия Городко, Юлия Феклистова, Анастасия Ларионова, Павел Колмаков, Антон Бондарев, Фёдор Бугаков, Денис Раструба енді.
Бапкерлер штабы: Елена Круглыхина, Геннадий Намереков, Дмитрий Рейхерд, Олег Цин және Константин Горлачев.