Су добынан Қазақстан әйелдер құрамасы Азия чемпионатын жеңіспен бастады

Дастан Кенжалин

Су добынан Қазақстан әйелдер құрамасы Азия чемпионатын сәтті бастады, деп хабарлайды Ulyssport.

Фото: ҰОК

Қытайдың Чжаоцин қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстанның әйелдер құрамасы алғашқы кездесуін Сингапурға қарсы өткізіп, 12:6 есебімен жеңіске жетті.

Айта кетейік, бұл жарыста алты команда бақ сынайды, олар бір-бірімен айналмалы жүйе бойынша ойын өткізеді.