Дмитрий Панарин Олимпиададағы дебютін сәтсіз бастады

Редакция Ulyssport

Бадминтон спортынан алғаш рет Париж Олимпиадасына жолдама алған отандасымыз бірінші ойында жеңіліске ұшырады, деп хабарлады Ulyssport.kz

Ұлттық құрама бадминтоншысы Дмитрий Панарин Париж Олимпиадасының топтық кезеңінде Азия құрлығында жүлде алып жүрген Кента Нисимотодан (Жапония) ұтылып қалды. Есеп: 0:2 (5:21, 11:21). Жапон спортшысы жеребе кезінде әлем рейтингінде жоғары орында тұрған 13 ойыншының қатарына кірген.

 

Енді D тобындағы келесі ойында Дмитрий 29 шілдеде (14:40) Пан Американ ойындарының чемпионы Брайан Янгпен (Канада) шеберлік байқасады.

 

Топтық кезеңде тек 1-орын алған спортшы ғана плей-оффқа жолдама алады.