Бас бапкер Мырзағали Айтжановтың айтуынша, боксшылар дайындық кезеңін жоғары деңгейде өткізген, деп хабарлайды olympic.kz
"Боксшыларымыздың жаттығу жиыны өте сапалы өткенін айту керек. Жігіттердің барлығы тапсырманы тиянақты орындады. Ең бастысы - ешкім ауырып қалған жоқ. Бәрі де бабына еніп келе жатыр.
Қазіргі таңда біз боксшыларға аздаған үзіліс бердік. Барлығы да үйлеріне кетті. Көп ұзамай қайта жиналамыз. 9-20 шілде аралығында Түркістан облысындағы "Алма тау" базасында Олимпиада қарсаңындағы соңғы жаттығу жиыны өтеді",- деді Айтжанов.
Еске сала кетейік, бокстан Қазақстан ерлер құрамасы Париж Олимпиадасына толық құрамда барады.
Қазақстан намысын төмендегі боксшылар қорғайды:
51 келі: Сәкен Бибосынов
57 келі: Махмұд Сабырхан
63,5 келі: Мұхамедсабыр Базарбайұлы
71 келі: Асланбек Шымбергенов
81 келі: Нұрбек Оралбай
92 келі: Айбек Оралбай
+92 келі: Қамшыбек Қоңқабаев