Боксшы Санжар Тәшкенбай “Странджа кубогында” мерзімінен бұрын жеңілді

Дастан Кенжалин

Қазақстандық Санжар Тәшкенбай Болгарияның София қаласында өтіп жатқан "Странджа кубогында" жеңілді, деп хабарлайды Ulyssport.

Ашық дереккөзден

Спортшы бұл турнирде 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ел намысын қорғады.

Ирландиялық Луис Руниге қарсы жекпе-жекте Тәшкенбай бірінші раундта нокдаунға түсті.

Осы сәттен кейін ол белгісіз себептермен жекпе-жекті жалғастырудан бас тартып, жарысты аяқтады.