Дзюдо: Ғұсман Қырғызбаев Еуропа чемпионатының жүлдегерін жеңді

Редакция Ulyssport

Париж Олимпиадасында дзюдо бәсекесінің екінші жарыс күні басталды, деп хабарлады Ulyssport.kz

Дзюдо спорты бойынша екінші жарыс күнінде 66 келідегі жерлесіміз Ғұсман Қырғызбаев бірінші айналымда Давид Гарсия Торнеден (Испания) алты жарым минутта басым түсті.

 

Енді келесі айналымда Олимпиаданың 2 мәрте жүлдегері Ан Баул (Оңтүстік Корея) жұбының жеңімпазымен кездеседі.

Ғұсман Қырғызбаев – 2021 жылы Будапештте (Мажарстан) өткен әлем чемпионатының күміс жүлдегері.