Украиналық даңқты боксшы Владимир Кличко (64-5-0-1, 54 КО) 48 жасында шаршы алаңға оралуы мүмкін, деп хабарлайды Ulyssport Sportnews.kz-ке сілтеме жасап.
Спорт басылымының инсайдерлік ақпаратына сүйенсек, кәсіпқой бокстың жарқын өкілі Владимир Кличкомен жұдырық түйістіруге аралас жекпе-жектен (UFC) ауыр салмақтағы экс-чемпион Френсис Нганну (0-2, 0 КО) ықылас танытқанға ұқсайды.
Егер украиналық ардагер келісім берсе әлем жұртшылығы қос алыптың төбелесін тамашалайды.