Футбол: қақпашыларға қатысты жаңа ереже бекітілді

Дастан Кенжалин

IFAB футбол ережесіне өзгеріс енгізді. Енді қақпашы допты 8 секундтан артық уақыт қолында ұстаса, қарсыластың пайдасына бұрыштама белгіленеді, деп хабарлайды Ulyssport.

Ашық дереккөздерден алынды

ТОЛЫҒЫРАҚ

Футбол қауымдастығының халықаралық кеңесі  (IFAB) бекіткен жаңа ереже 2025/2026 маусымнан бастап күшіне енеді.

Қазіргі ереже бойынша қақпашы допты 8  секундтан астам уақыт қолында ұстаған жағдайда төреші қарсыласқа айып алаңының ішінен еркін соққы белгілеуге құқығы бар. Бірақ іс жүзінде қазылар ондай шешімді өте сирек қолданады.