Нысана көздеу: Александра Ле тағы да финалға шықты

Редакция Ulyssport

Пневматикалық винтовкамен 10 метрден нысана көздеуде ұлттық құрама спортшысы Александра Ле финалға шықты, деп хабарлады Ulyssport.kz

Ол іріктеуде 631.4 ұпай жинап, 6-сатыға тұрақтады. Бір сағаттан соң финалда 8 үздік мерген сынға түседі.

 

Ал Арина Алтухова бұл сында 17-сатыда (627.7 ұпай).

 

Айта кетейік, бұл Александраның алғашқы Олимпиадасы. Ол кеше аралас жұптық бәсекеде Ислам Сатпаевпен бірге Олимпиадада қола медаль жеңіп алған.