Үстел теннисінен Қазақстанның ашық командалық чемпионатының алғашқы турнирі төрт қалада өтеді

Дастан Кенжалин

7-9 наурыз аралығында үстел теннисінен Қазақстанның ашық командалық чемпионатының алғашқы ойындары өтеді, деп хабарлайды Ulyssport.

Фото: ҰОК

Жарыстар төрт қалада ұйымдастырылады: Астана, Алматы, Ақтөбе және Павлодар.

Медаль үшін алты лига командалары бақ сынайды:

- Суперлига (Павлодар, 12 команда)

- Екінші лига (Астана, 12 команда)

- Үшінші лига (Астана, 12 команда)

- Төртінші лига (Алматы, 12 команда)

- Бесінші лига (Алматы, 12 команда)

- Алтыншы лига (Ақтөбе, 16 команда).