Гимнаст Милад Карими әлем кубогының финалына бірінші орынмен шықты

Дастан Кенжалин

Бакуде (Әзербайжан) Әлем кубогының кезеңі басталды. Финалға Қазақстан құрамасынан үш спортшы шықты, деп хабарлайды Ulyssport.

Фото: ҰОК

Қазіргі уақытқа дейін қоссырық пен еркін жаттығулар бойынша іріктеу кезеңі өтті.

Еркін жаттығуда сәтті өнер көрсеткен Милад Карими финалға бірінші орынмен шықты. Ол 13.833 ұпай жинады.

Қоссырықтағы медаль үшін Дмитрий Потанин мен Ілияс Азизов сынға түседі. Азизов іріктеуде үшінші орын (13.400 ұпай), ал Потанин бесінші орын (12.800 ұпай) алды.

Айта кетейік, финалдық кезең 8 наурызда басталады.