IBA әлем чемпионатында сыйақыны аямай береді

Дастан Кенжалин

Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA) 2025 жылы Ниш қаласында (Сербия) өтетін әйелдер арасындағы бокстан әлем чемпионатының ақшалай жүлдесін жариялады, деп хабарлайды Ulyssport Qsport.kz сайтына сілтеме жасап. 

Ашық дереккөзден

ЖҮЛДЕЛЕР

Алтын – 100 мың АҚШ доллары
Күміс – 50 мың АҚШ доллары

Қола – 25 мың АҚШ доллары

Сондай-ақ, биылдан бастап бокстан әлем чемпионаты тарихында алғаш рет ширек финалға шыққан барлық боксшы қаржылай марапатқа ие болмақ. Оларға 10 мың доллар көлемінде сыйақы қарастырылып отыр.

Естеріңізге сала кетейік, Ниш қаласында өтетін әйелдер арасындағы әлем чемпионаты 9-16 наурыз аралығында өтеді.

Аталған әлемдік додаға Қазақстан құрамасынан ел намысын қорғауға 12 боксшы аттанады.