Олимпиада: Ғұсман Қырғызбаев фавориттердің бірі – кореялық дзюдошыны жеңді

Редакция Ulyssport

Париж олимпиадасында 66 келіде дзюдошы Ғұсман Қырғызбаев екінші айналымда кореялық қарсыласы Ан Ба Ульден басым түсті, деп хабарлады Ulyssport.kz.

ҰОК

Дзюдо спорты бойынша екінші жарыс күнінде 66 келідегі жерлесіміз Ғұсман Қырғызбаев бірінші айналымда Давид Гарсия Торнеден (Испания) алты жарым минутта басым түскен еді. Бұл жолы кореялық Ан Ба Ульды ұтты. Ан Ба Уль Рио олимпиадасының күміс, Токио олимпиадасының қола медаль алған.

Ширек финалдағы Ғұсманның қарсыласы енді анықталады.