Бокстан әйелдер арасындағы әлем чемпионаты: бес қазақстандық спортшы ширек финалға шықты

Дастан Кенжалин

Сербияның Ниш қаласында бокстан әйелдер арасындағы әлем чемпионатының кезекті жарыс күні аяқталды. Бес қазақстандық спортшы ширек финалға шықты, деп хабарлайды Ulyssport.

Сурет: ДРС

Шаршы алаңға Қазақстан құрамасының алты өкілі шықты. Жекпе-жек нәтижесінде әлем чемпионатының ширек финалына төмендегі боксшылар жолдама алды: Алуа Балқыбекова (50 келіге дейін), Жайна Шекербекова (54 келіге дейін), Виктория Графеева (60 келіге дейін), Аида Әбікеева (63 келіге дейін), Жасмин Кизатова (66 келіге дейін).

Ал Гүлсая Ержан (81 келіге дейін) қытайлық Вансяо Мэнге есе жіберіп, жарысты аяқтады.

12 наурызда әлем чемпионаты аясында қазақстандық спортшылардың қатысуымен төрт жекпе-жек өтеді:

- 48 келіге дейін: Назым Қызайбай – Николь Дурикова (Словакия)

- 57 келіге дейін: Карина Ибрагимова – Валерия Мендоса (Колумбия)

- 70 келіге дейін: Наталья Богданова – Дуния Мартинес (Испания)

- 75 келіге дейін: Надежда Рябец – Амината Корома (Сьерра-Леоне)

Жекпе-жектер Астана уақыты бойынша 18:00-де басталады.