Бес боксшымыз финалда, олардың қарсыласы кімдер

Дастан Кенжалин

Серибияның Нише қаласында өтіп жатқан бокстан әйелдер арасындағы  әлем чемпионатында бес қазақстандық боксшы финалда өнер көрсетеді, деп хабарлайды Ulyssport.

olympic.kz

ТОЛЫҒЫРАҚ

Қазақстанның әйелдер құрамасы сапында жасындай жарқылдаған былғары қолғап шеберлері финалдық кездесулерін 16 наурыз, жексенбі күні өткізеді. Бұл күні шаршы алаңға шығатындар:

Назым Қызайбай (48 кг):

Алуа Балқыбекова (50 кг),

Виктория Графеева (60 кг),

Аида Абикеева (63 кг);

Елдана Талипова (81+ кг).

Біздің қыздар ақтық сында Ресей, Қытай және Таиланд елдерінің өкілдерімен шеберлік байқасады. Олар: ресейлік Юлия Чумгалакова (48 кг) мен Нуне Асатрян (60 кг), қытайлық Ху Мэйи (50 кг) мен Илян Чжан (81+), таиландтық Тананья Сомнуек (63 кг).