Жәнібек Әлімханұлы маңызды жекпе-жек алдында бапкер ауыстырудың себебін түсіндірді

Дастан Кенжалин

Кәсіпқой бокста жеңілістің кермек дәмін татып кеөремеген қазақстандық былғары қолғап шебері Жәнібек Әлімханұлы Астана төрінде өтетін маңызды кездесудің қарсаңында бапкерлер құрамын ауыстыруға шешім қабылдады, деп хабарлайды Ulyssport оffside-ке сілтеме жасап.

Ашық дереккөздерден алынды

ТОЛЫҒЫРАҚ  

Мұндай қадамға ол қарсыластың жұдырықтасу мәнерін жақсы меңгеріп алу үшін барғанын айтты. WBO және IBF нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлын енді білікті бапкер Марко Контрерас баптайтын болды.

Мен алдағы жекпе-жекке жақсы дайындалдым. Қазір біз қазіргі қазақстандық бокс стилін емес, мексикалық стильді меңгеру үшін басқа бапкердің қызметіне көштік. Жалпы, мен тоқтамаймын, егер сен тоқтасаң, ұтыласың, - деді Жәнібек Әлімханұлы.

Айта кетейік, қазақ бокс стилінің қалың жанкүйері Әлімханұлының (16-0, 11 КО) өнерін 5 сәуір күні Астанада өтетін француз Анауэль Нгамиссенмен (14-0, 9КО) жекпе-жекте тамашалайды.