Үстел теннисінен чемпионат: ширек финалдағы жұптар анықталды

Дастан Кенжалин

Алматыда үстел теннисінен Қазақстан чемпионаты өтіп жатыр. Турнир аясында командалық жарыстардың ширек финалдық жұптары анықталды, деп хабарлайды Ulyssport.

Фото: ҰОК

Ерлер:

Алматы – Шымкент

Жамбыл облысы – Ақтөбе облысы

Қарағанды облысы – Павлодар облысы

Астана – Шығыс Қазақстан облысы

Әйелдер:

Қарағанды облысы – Павлодар облысы

Астана – Шымкент

Қостанай облысы – Абай облысы

Алматы – Түркістан облысы

Айта кетейік, чемпионатта Қазақстан ұлттық құрамасының көшбасшылары өнер көрсетуде. Олардың қатарында Кирилл Герасименко (Астана), Алан Құрманғалиев (Қарағанды облысы), Сарвиноз Миркадирова (Алматы), Айдос Кенжіғұлов (Алматы), Зәуреш Ақашева (Қарағанды облысы), Әнел Бақыт (Алматы), Ырысбек Артықметов (Шымкент) және басқа да спортшылар бар.