Бокстан ұлттық құраманың капитаны Асланбек Шымбергенов алғашқы айқасында есе жіберді, деп хабарлады Ulyssport.kz
Бокстан ұлттық құраманың капитаны, 71 келідегі Асланбек Шымбергенов алғашқы айқасында Азия чемпионатының күміс жүлдегері Зейяд Ишаишқа 2:3 есебімен жол берді.
2022 жылы қос боксшы Иорданияда өткен Азия чемпионатының финалында кездесіп, жерлесіміздің пайдасына шешілген болатын.
30 жастағы Асланбек Шымбергенов бұған дейін 2023 жылы әлем чемпионы атанған еді.