UFC-дің экс чемпионы Рахмонов белбеу үшін кіммен айқасатынын айтты

Дастан Кенжалин

Жартылай орта салмақта UFC чемпионы болған британиялық Леон Эдвардс (22-4) дивизионның қазіргі чемпионы Белал Мухаммад (24-3) пен аустралиялық Джек Делла Маддалена (17-2) арасындағы жекпе-жекке болжамын айтты, деп хабарлайды Ulyssport Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

Instagram

Эдвардс былтыр жазда UFC 304 турнирінде Белалдан жеңіліп, титулынан айрылып қалған еді. Енді оның ойынша, аустралиялық файтер өзінің стилі арқылы титулды айқаста Белалды жеңе алады. 

"Егер ақша тігу керек болсам, мен Делла Мадаленаға қояр едім. Меніңше, оның боксшы ретіндегі дағдылары Мухаммад үшін қиындық тудырады, оның үстіне ол жақсы анти-грэпплер.

Иә, оны партерге түсіруге болады, бірақ, ол скрамблда жақсы жұмыс істейді. Белал оны жерде ұзақ ұстап тұра алмайды деп ойлаймын", - деп береді Леонның сөзін MMA junkie.