Тұңғыш әйел: халықаралық олимпиада комитетінің жаңа президенті кім

Редакция Ulyssport

Кирсти Ковентри Халықаралық Олимпиада Комитетінің (ХОК) оныншы президенті болып сайланды, деп хабарлайды Ulyssport.

Ашық дереккөзден

144-ші ХОК сессиясы Грекияның Коста-Наварино қаласында өтті.

Ол бұл қызметте 2013 жылдан бері ХОК президенті болған Томас Бахтың орнын басады. 2025 жылдың ақпанында оның отставкаға кету туралы шешімін ХОК Атқару комитеті қолдаған болатын.

Екі дүркін Олимпиада чемпионы, Зимбабве спорт министрі Кирсти Ковентри Халықаралық Олимпиада Комитетінің тарихындағы алғашқы әйел президент атанды. Сондай-ақ, алғаш рет ұйым басшылығына африкалық құрлық өкілі келді.

Томас Бахтан Кирсти Ковентриге ресми өкілеттікті беру рәсімі 2025 жылдың 23 маусымында өтеді.