Наурыз-2025: Астананың қай жерінде спорттық-бұқаралық іс-шаралар өтеді

Гүлнұр Қуанышбекқызы

Астана әкімдігі Наурыз мейрамын мерекелеу аясында елорданың барлық аудандарында және тұрғын алаптарында мерекелік спорттық іс-шаралар ұйымдастырылатынын хабарлады, деп жазады Ulysmedia.kz.

Ашық дереккөзден

Астана әкімдігі Наурыз мейрамына орай өтетін спорттық-бұқаралық іс-шаралардың толық тізімін жариялады.

Жоспарланған іс-шаралар:

  • «Нұра» спорт-сауықтыру кешенінде балалар мен ересектер арасында үстел теннисінен жарыстар өтеді.
  • «Даулет» спорт кешенінде 22-24 наурыз аралығында Наурыз мейрамына арналған әуесқойлар арасында теннис турнирі ұйымдастырылады.
  • 21-22 наурыз күндері елорданың 6 ауданындағы 30-дан астам алаңда қазақша күрес, қой көтеру, арқан тартыс, асық ату, қол күрес және гір көтеру сынды ұлттық спорт түрлерінен жарыстар өтеді. Жеңімпаздарға арнайы сыйлықтар табысталады.

Спорттық шаралар өтетін орындар:

Сарайшык ауданы
21-22 наурыз – «Қазақ елі» монументі алаңы
21 наурыз – «Интернациональный», «Мичурино» тұрғын алаптары, «Күйгенжар» шағын ауданы
22 наурыз – «Промышленный» тұрғын алабы

Сарыарқа ауданы
21-22 наурыз – қалалық алаң (Астана әкімдігі алдында)
21 наурыз – «Көктал» паркі (С. Бейбарыс көшесі)
22 наурыз – «Қорғалжын» сквері («Көктал-2» тұрғын алабы), «Агрогородок» тұрғын алабы (ЖК «Формула успеха» маңындағы автотұрақ, Қазғұрт пен Жалын көшелерінің қиылысы)

Байқоңыр ауданы
21-22 наурыз – «Ататүрк» саябағы (Ж. Тәшенов көшесі)
21 наурыз – Жазушылар аллеясы (Абай даңғылы)
22 наурыз – «Өндіріс» тұрғын алабы (Ақбидай көшесі, 6), «Кирпичный» тұрғын алабы (Шет және Жолымбетская көшелерінің қиылысы)

Есіл ауданы
21-22 наурыз – МВЦ «ЭКСПО», «Бәйтерек» монументі алаңы
21 наурыз – «Пригородный» тұрғын алабы (№24 орта мектеп маңы)

Нұра ауданы
21 наурыз – «Астана Арена» спорт кешені (Тұран даңғылы, 48)
22 наурыз – Ғашықтар саябағы (Тұран даңғылы), «Үркер» және «Жағалау» шағын аудандары

Алматы ауданы
21 наурыз – «Железнодорожный» тұрғын алабы (Маяковский көшесі, 3)
22 наурыз – Әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайы (Б. Момышұлы даңғылы), «Жастар» саябағы (Sana Sport, Қажымұқан көшесі, 5), «Күйшілер аллеясы» (Абылай хан даңғылы мен Манас көшесінің қиылысы), «Алма» сквері (Рысқұлбеков көшесі, 16), Қошқарбаев даңғылы, 80/1, Достық үйі (Б. Момышұлы даңғылы, 26).