Қазақстандық спортшы Шавкат Рахмоновтың UFC-дің бұрынғы чемпионымен жекпе-жегі болмайды, деп хабарлайды Ulyssport.kz.
Карлос Пратес Шавкат Рахмоновпен жекпе-жек өткізуге жақын болғанын айтты
Бразилиялық файтер Карлос Пратес (21-6), қазіргі таңда UFC жартылай орта салмақ рейтингінде 13-орында, өткен жылы Қазақстандық Шавкат Рахмоновпен (19-0) және бұрынғы чемпион британдық Леон Эдвардспен (22-4) жекпе-жек өткізуге жақын болғанын мәлімдеді, деп жазады Sports.kz.
Былтыр көп оқиға болды. Бірнеше күннің ішінде менің Леон Эдвардспен жекпе-жекке шығу мүмкіндігім болды, бірақ ол кездесу ақыры өтпеді. Кейіннен маған Шавкат Рахмоновпен де жекпе-жек ұйымдастыруға шақыру түсті, алайда бұл кездесу де жүзеге аспады. Енді мен Джефф Нилмен жұдырықтасамын, – деді Пратес.
Сонымен қатар, бразилиялық спортшы өткен жылы Нил Мэгнимен жекпе-жек алдында аяғын сындырғанын айтты. Осыған байланысты UFC оған сауығып, 2024 жылы октагонға оралуға кеңес берген.
Айта кетейік, Шавкат Рахмонов өзінің соңғы жекпе-жегінде ирландиялық Иэн Гэрриді жеңген болатын.