Түркияның Анталия қаласында өтіп жатқан спорттық гимнастикадан әлем кубогының үшінші кезеңінде қазақстандық саңлақтар екі бірдей жүлдеге қол жеткізіп, ел абыройын асқақтатты, деп хабарлайды Ulyssport.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Анадолы желінде олжа салған атлеттердің бірі – Париж Олимпиадасының күміс жұлдегері Нариман Құрбанов. Ол төртжылдық додасынан кейін алғаш қатысып тұрған ресми жарысында тұтқалы ат снаряды жаттығуында топ жарып, алтын медаль иегері атанды.
Дәл осы сайыста тағы бір қазақстандық гимнаст Зейнолла Ыдырысов та өнер көрсеткен. Ол күміс жүлдені қанжығасына байлады. Қола медаль әлем чемпионатының екі мәрте жүлдегері, иорданиялық Ахмад Әбу әл-Саудқа бұйырды.