Әлімхан Сыздықов грек-рим күресінен Азия чемпионатының финалына шықты

Дастан Кенжалин

Қазақстандық балуан Әлімхан Сыздықов грек-рим күресінен Амманда (Иордания) өтіп жатқан Азия чемпионатының алтын медалі үшін күреседі, деп хабарлайды Ulyssport.

Ulysmedia.kz коллажы

130 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Сыздықов жартылай финалда өзбекстандық Темурбек Насимовты 4:1 есебімен жеңді.

Ал 63 келіге дейінгі салмақта Сұлтан Әсетұлы 1/2 финалда Айтжан Халмахановқа (Өзбекстан) есе жіберді. Сондай-ақ, 87 келіде белдескен Шамиль Ожаев та финалға өте алмады. Ол өзбекстандық Жалғасбай Бердимуратовқа жол берді.