Амманда (Иордания) күрес түрлерінен Азия чемпионаты басталды, деп хабарлайды Ulyssport.
Турнирді алғашқы болып грек-рим күресінің спортшылары бастады.
63 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін қазақстандық Сұлтан Әсетұлы жарыстың жартылай финалына шықты.
Ол ширек финалда Доолотбек Чойбековпен белдесіп, сенімді жеңіске жетті.