Қазақстанға Ресейден келген балуан Азия чемпионатының финалына шыға алмады

Дастан Кенжалин

Қазақстанға Ресейден келген балуан Азия чемпионатының финалына шыға алмады, деп хабарлайды Ulyssport Qsport.kz-ке сілтеме жасап. 

Ulysmedia.kz коллажы

Қазақстан атынан жарыстарға қатыса бастаған Шамил Ожаев Азия чемпионатының финалына шыға алмады 87 келіге дейінгі салмақтағы жартылай финалда өзбек балуаны Жалғасбай Бердімұратовқа 5:1 есебімен жол берді.

Шамиль Ресейден келген спортшы. Алматы атынан жарыстарға қатысып жүр.

Бастапқыда Шамильдің орнына Әділхан Абайұлы барады деген ақпарат тараған еді.

Кейіннен орындары ауысқан болатын.