Көрші Өзбекстан елі Париж Олимпиадасындағы алғашқы алтынын алды, деп хабарлайды Ulyssport.kz
Дзюдодан 52 келіде өнер көрсеткен Өзбекстан спортшысы Диёра Келдиёрова өз салмағында барлық мықтыларды жеңіп, Париж Олимпиадасында топ жарды
КІМДЕРДІ ЖЕҢДІ?
1/8 финалда 5 жыл бойы жеңілістің дәмін татпаған Токио Олимпиадасының чемпионы, 4 дүркін Әлем чемпионы, 24 жастағы жапон дзюдошысы Ута Абэны жеңді.
2022 және 2023 жылдары өткен Әлем чемпионатының финалында дәл осы өзбек қызынан айласын асырған болатын.
1/4 финал. Маша Бальхаус (2024 жылғы Әлем чемпионатының қола жүлдегері)
1/2 финал. Амандин Бюшар (Токио Олимпиадасының күміс жүлдегері)
Финал. Дистрия Красничи (Токио Олимпиадасының чемпионы)
Дзюдодан әйелдер арасында бұған дейін Өзбекстанда мүлдем жүлде болмаған.