Грек-рим күресінен Азия чемпионаты: Әлімхан Сыздықов күміс жүлдеге ие болды

Дастан Кенжалин

Қазақстандық балуан Әлімхан Сыздықов грек-рим күресінен Иорданияның астанасы Амманда өтіп жатқан Азия чемпионатында екінші орынға ие болды, деп хабарлайды Ulyssport.

Фото: ҰОК

Отандасымыз 130 келі салмақта ел намысын қорғады. 

Қазақстандық балуан ақтық сында ирандық Фардин Хедаятимен өзара мықтыны анықтады. Тартысты белдесуде Әлімхан Сыздықов қарсыласына 0:7 есебімен жол берді.

Осылайша Қазақстан құрамасының қоржынында үш медаль бар. Бұған дейін Ибрагим Магомадов (77 келіге дейін) және Шамиль Ожаев (87 келіге дейін) қола жүлдеге ие болған еді.