Азия чемпионаты: қазақстандық қос балуан финалға шықты

Дастан Кенжалин

Иордания астанасында өтіп жатқан Азия чемпионатында қазақстандық еркін күрес шеберлері Болат Сақаев пен Нұрқожа Қайпанов финалға шықты, деп хабарлайды Ulyssport.

olympic.kz

ТОЛЫҒЫРАҚ

Қазақстан құрамасының спортшысы жартылай финалдық белдесуде Қытай елінің намысын қорғаған Цао Нанмен күш сынасып, қарсыласын 12:1 есебімен тас-талқан етіп жеңді.

Болат Сақаев Азия біріншілігінде 86 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетіп жатыр.

Сондай-ақ жартылай финал бәсекесінде ирандық Мохаммад Реза Шакериден басым түскен тағы бір қазақстандық балуан  Нұрқожа Қайпанов (74 келіге дейін) та финалға өтті.

Өкінішке қарай, бүгін бозкілемге шыққан отандастарымыздың ішінде Азамат Дәулетбеков (92 келіге дейін) ирандық Амирхоссейн Фирузпурбандпейден жеңіліп, келесі кезеңге өте алмай қалды. Енді ол қола медальға таласады.