Амман қаласында (Иордания) әйелдер күресінен Азия чемпионаты жалғасуда. Қазақстан құрамасының өкілі Жәмилә Бақбергенова жартылай финалға шықты, деп хабарлайды Ulyssport.
Спортшы жарысты ширек финалдан бастады. Бұл кезеңде оның қарсыласы оңтүстіккореялық Ким Се Хи болды.
Бақбергенова басымдыққа ие болып, кездесуді мерзімінен бұрын аяқтап, 72 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жартылай финалға жолдама алды.