Месси мен Роналду бір клубта ойнауы мүмкін

Дастан Кенжалин

Сауд Арабиясының «Аль-Наср» клубының шабуылшысы, португалдық супержұлдыз Криштиану Роналду клубтық әлем чемпионаты кезінде өзінің спорттық мансабындағы басты бәсекелесі Лионель Месси ойнайтын «Интер Майами» командасына ауысуына мүмкіндігі бар, деп хабарлайды Ulyssport.

Ашық дереккөздерден алынды

ТОЛЫҒЫРАҚ

TalkSPORT мәліметі бойынша, Роналду АҚШ-тағы командалардың бірімен қысқамерзімді келісім жасауды қарастырып жатыр. Оның «Әл-Насрмен» келісімшарты 2025 жылдың жазында аяқталады.

Клубтық әлем чемпионаты АҚШ-та 13 маусым мен 15 шілде аралығында өтеді. «Интер Майами» португалдық «Порту», бразилиялық «Палмейрас» және мысырлық «Әл-Ахлимен» бір топқа түскен. Месси 2023 жылдан бері «Интер Майамиде» өнер көрсетіп келеді. Сол кезден бастап Роналду «Әл-Наср» ойыншысы атанған.

Бұған дейін хабарланғандай, Роналду 929-шы мансаптық гол соғып, әлемдік футболда рекорд орнатты.