Азия чемпионаты: Ризабек Айтмұхан финалға шықты

Дастан Кенжалин

Иордания астанасы Амманда өтіп жатқан күрестен ерлер арасындағы Азия чемпионатында Ризабек Айтмұхан финалға шықты, тағы үш балуанымыз қола жүлдеге таласады, деп хабарлайды Ulyssport.

olympic.kz

ТОЛЫҒЫРАҚ

Қазақстан құрамасының спортшысы Ризабек Айтмұхан (97 келі) жартылай финалда ирандық Мохаммадмобин Азимимен белдесті. Тартысты өткен белдесуде қазақстандық балуан 2:0 есебімен жеңіске жетті.

Ал Рахат Қалжан 57 келіге дейінгі салмақта ирандық Джахангир Вализадеден 0:3 есебімен жеңілді. Енді ол қола медаль үшін күреседі.

Сондай-ақ қазақстандық еркін күрес шеберлері Начын Куулар (70 келі) мен Дәулет Ергеш (79 келі) жұбаныш белдесуінде жеңіске жетті. Начын өзбекстандық Бегижон Кулдашевтен басым түсті. Ол енді жапониялық Ёшиносуке Аоягимен қола медальға таласады.

Ал Ергеш түрікменстандық Какымират Ашировты жеңіп, келесі айналымда тәжікстандық Магомет Евлоевпен кездеседі.