Гимнаст Зейнолла Ыдырысов Германиядағы турнирде жеңіске жетті

Дастан Кенжалин

Спорттық гимнастикадан Қазақстан құрамасының өкілі Зейнолла Ыдырысов Германияның Штутгарт қаласында өткен халықаралық турнирде алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Ulyssport.

Фото: ҰОК

Қазақстандық ат снарядындағы жаттығуда жеңіске жетті.

Ыдырысов төрешілердің шешімі бойынша 14,066 ұпай жинады. Екінші орынды италиялық Эдоардо Де Россо (13,966) иеленсе, үшінші орын жапониялық Рёсуке Доиге (13,766) бұйырды.