Бокстан Бразилиядағы Әлем кубогы: қазақстандықтардың қарсыластары белгілі болды

Дастан Кенжалин

Бокстан World Boxing ұйымы өткізгелі жатқан Фос-ду-Игуасудағы (Бразилия) Әлем кубогының жеребе тарту рәсімі өтті, деп хабарлайды Ulyssport.

Фото: ҰОК

Бұл жарысқа әлемнің 19 елінен 130 спортшы жүлдеге үшін бақ сынайды. Азия құрлығынан аталмыш жарысқа Қазақстан, Өзбекстан, Тайбэй және Үндістан қатысады.

Қазақстандық боксшылардың қарсыластары анықталды:

- 50 келі, ширек финал: Нұрзат Оңғаров – Асылбек Жалилов (Өзбекстан)

- 55 келі, 1/8 финал: Нұрсұлтан Алтынбек – Майкл Триндаде (Бразилия)

- 60 келі, ширек финал: Талғат Сырымбетов – Луиз Оливейра (Бразилия)

- 65 келі, 1/8 финал: Алмат Әбдуәлі – Юри Рейес Фалькао (Бразилия)

Бұл жұптың жеңімпазы ширек финалда Париж Олимпиадасының чемпионы Асахуджа Муйдинхуджаевпен (Өзбекстан) жұдырықтасады.

- 70 келі, ширек финал: Дархан Дүйсебай

Ширек финалда Макан Траоре (Франция) мен Криштиану Перейраның (Бразилия) арасындағы жекпе-жектің жеңімпазымен қолғап түйістіреді.

- 80 келі, ширек финал: Диас Молжігітов – Никоден Козак (Польша)

- 85 келі, жартылай финал: Дәулет Төлемісов

Жартылай финалда Абдулайе Траоре (Франция) немесе Жугно Жугномен (Үндістан) жекпе-жек өткізеді.

- 90 келіден жоғары, ширек финал: Даниял Сапарбай – Нарендер (Үндістан)

Әйелдер арасында:

- 51 келі, ширек финал: Жазира Орақбаева — Каролин Алмейда (Бразилия) 

- 54 келі, ширек финал: Анита Адишева — Виктория Рогалиньска (Польша)

- 57 келі, жартылай финал: Ұлжан Сәрсенбек — Юлия Шеремета (Польша) / Алиса Мендоса (АҚШ)

Турнир 5 сәуірде мәресіне жетеді.