Париж-2024: Александра Ле алтыншы орын алды

Редакция Ulyssport

Қазақстандық Александра Ле оқ ату бойынша өнер көрсетіп, 2024 жылғы Олимпиада ойындарының финалында өнерін аяқтады, деп хабарлайды Ulyssport.kz.

Фото: olympic.kz

Olympic.kz хабарлауынша, ол 10 метрлік пневматикалық мылтықтан ату бойынша финалдық кезеңге дейін жетті.

Финал форматы ең нашар аралық нәтижесі бар қатысушылардың кезек-кезек шығарылуын қарастырды (12-атуынан кейін жарыстан шығарылып отырады).

Александра үшінші болып шығып, жарысты алтыншы орынмен аяқтады.