Параспорт: заңға «мүгедектігі бар спортшыны алып жүретін адам» ұғымын енгізіледі

Редакция Ulyssport

Үкімет басшысының орынбасары Ермек Көшербаев депутаттардың сауалына берген жауабында заңға «мүгедектігі бар спортшыны алып жүретін адам» ұғымын енгізілетінін хабарлады, деп жазады Ulyssport.

Паралимпиадалық спортты қаржыландыру 2020 жылдан 2024 жылға дейін 300 млн теңгеден 2,4 млрд. теңгеге дейін өсті. Штаттық спортшылардың құрамы 11-ден 256 бірлікке дейін ұлғайды (орташа жалақы мөлшері 298 мың теңгені құрайды).

Қазір тиісті заңға «мүгедектігі бар спортшыны алып жүретін адам» ұғымын енгізу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Ол бірінші топтағы мүгедектігі бар спортшыларға еріп жүру және оларға көмек көрсету қызметтерін көрсетеді. Бұл мәселе бойынша  2025-2027 жылдарға республикалық бюджеттен шығындар қолдау тапқан. “Бұған қоса, салық заңнамасына сәйкес салық төлеушінің қайрымдылық көмекке бағытталған шығыстарын салық салынатын кірістен азайтуға құқығы бар екенін атап өтемін” дейді Көшербаев.