Бразилияның Фос-ду-Игуасу қаласында бокстан Әлем кубогының кезеңі аяқталды, деп жазады Ulyssport порталы ҚР ҰОК-ға сілтеме жасап.
Турнирдің финалына Қазақстан құрамасының үш өкілі жолдама алып, барлығы жеңіске жетті.
Жазира Орақбаева (51 келіге дейін) италиялық Элен Лучия Аяримен жұдырықтасуы тиіс еді, алайда қарсыласы жекпе-жектен бас тартты.
Нұрсұлтан Алтынбек (55 келіге дейін) финалда өзбекстандық Миразизбек Мирзахалиловты жеңді.
Дәулет Төлемісов (85 келіге дейін) өзбекстандық Акмолжол Исроиловтан басым түсті.
Айта кетейік, үшінші орынға Диас Молжігітов (75 келіге дейін), Даниял Сапарбай (90 келіден жоғары) және Ұлжан Сәрсенбек (57 келіге дейін) ие болды.