Илья Пеньков стенд атудан Әлем кубогының кезеңінде бесінші орынға ие болды

Дастан Кенжалин

Стенд атудан Қазақстан құрамасының өкілі Буэнос-Айресте (Аргентина) өтіп жатқан Әлем кубогы кезеңінің финалында өнер көрсетті, деп хабарлайды Ulyssport.

Фото: ҰОК

Спортшы скит түрінен медаль үшін күресті.

Шешуші кезеңде Пеньков бесінші нәтиже көрсетті.

Бірінші орынды америкалық Кристиан Эллиот жеңіп алды. Күміс медальді италиялық Габриэль Розетти иеленді. Ал, қола медаль Элиа Сдруччиоллиге (Италия) бұйырды.