Бивол енді абсолютті чемпион емес

Дастан Кенжалин

Дмитрий Бивол жартылай ауыр салмақтағы WBC чемпиондық белбеуінен бас тартты. Себебі ұйым Артур Бетербиевпен өткен жекпе-жектен кейін-ақ оны уақытша чемпион Давид Бенавидеспен жұдырықтасуға міндеттеді, деп хабарлайды Ulyssport qsport.kz-ке сілтеме жасап. 

REUTERS/Ahmed Yosri

Бивол Бетербиевпен үшінші рет жұдырықтасуды жоспарлап отыр. Сондықтан бұл чемпиондық атақтан бас тартып отыр.

WBC президенті Маурисио Сулейман Канело чемпион болғанда, Бенавидес екінші орта салмақта еді. Отандасына қарсы дәл осылай қатаң талап қоймаған болатын.

Сонымен қазіргі бокста бір ғана абсолютті чемпион қалды. Ол — екінші жеңілірек салмақтағы жапон Наоя Иноуэ.

WBC орта салмақта Карлос Адаместі (24-1-1, 18 КО) отандасымыз Мейірім Нұрсұлтановпен (20-0, 11 КО) жұдырықтасуға міндеттеп отыр. Тараптар 6 мамырға дейін келісуі керек.