Еуропа Қазақстаннан шыққан жаңа жұлдызға назар аударды, деп хабарлайды Ulyssport.kz.
Vesti.kz мәліметінше, Еуропадағы Rising Stars XI атты танымал аккаунт 17 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасы мен алматылық "Қайраттың" шабуылшысы – 16 жастағы Дәулет Орынбасарды атап өткен.
Дәулет Орынбасар – Қазақстанның жоғары жасөспірімдер лигасы QJ League-тің тарихындағы ең көп гол мен нәтижелі пас авторы. Ол 17 матчта 28 гол соғып, 14 нәтижелі пас берген. Осы көрсеткішпен ол "Челси" клубымен келісімшартқа отырған Дастан Сатпаевтан да озып түсті. "Нағыз вундеркинд", – деп жазады дереккөз.
Еске салайық, биыл ақпанда "Қайрат" Сатпаевтың Лондонның "Челси" клубына ауысатынын хабарлаған. Ол 2026 жылдың жазында, 18-ге толған соң, ағылшын клубына ресми түрде қосылады.
Айта кетейік, 16 жастағы Сатпаев қазірдің өзінде Қазақстан ұлттық құрамасында ойнап жүр. Ол – ұлттық құрама тарихындағы ең жас дебютант.