Шайбалы хоккейден әлем чемпионаты: Қазақстан Италияға есе жіберді

Дастан Кенжалин

Шайбалы хоккейден Қазақстан әйелдер құрамасы қазіргі таңда Ұлыбританияның Дамфрис қаласында өтіп жатқан IA дивизионындағы әлем чемпионатының аясында кезекті кездесуін өткізді, деп хабарлайды Ulyssport.

Фото: ҰОК

Ұлттық құрама Италиямен кездесті. Нәтижесінде отандастарымыз 2:0 есебімен жол берді. Қарсылас командадағы гол авторлары: Кристин Делла Ровере мен Анна Каумо.

Айта кетейік, алғашқы ойында Қазақстан құрамасы Оңтүстік Кореяны жеңген болатын. Келесі матчта қазақстандық хоккейші қыздар Ұлыбритания құрамасымен кездеседі.