Қазақстандық гимнастшылар Әлем кубогының қола жүлдегері атанды

Ділназ Бишер

Қазақстандық гимнастшылар Милад Карими мен Нариман Құрбанов Хорватияның Осиек қаласында өтіп жатқан Әлем кубогының кезеңінде қола жүлде жеңіп алды, деп хабарлайды Ulyssport.

Қазақстан ұлттық олимпиада комитеті

МИЛАД КАРИМИ

Милад еркін жаттығулар бағдарламасы бойынша қола медаль жеңіп алды.

Қазақстандық спортшы финалда Израиль спортшысы Артем Долгопят мен АҚШ өкілі Иваи Юнносукеге жол берді.

Осылайша, Милад төрешілердің шешімімен 13.966 ұпай жинап, Әлем кубогы кезеңінің қола жүлдегері атанды. Енді Милад 13 сәуірде кермедегі жаттығу бағдарламасының финалында өнер көрсетеді.

НАРИМАН ҚҰРБАНОВ

Гимнаст ат снарядындағы жаттығудың финалында сәтті өнер көрсетіп, шешуші бағдарламада 14.233 ұпай жинады. Осы нәтижемен Құрбанов Әлем кубогы кезеңін үшінші орынмен аяқтады.

Дәл осы бағдарламада Зейнолла Ыдырысов сегізінші орынға тұрақтады.

Ал алтын медальді армениялық Гамлет Манукян (14.633 ұпай) жеңіп алды. Күміс жүлде қытайлық Тянлун Гаоға бұйырды — 14.400 ұпай.