Үстел теннисі: Алан Құрманғалиев WTT Youth Star Contender Metz турнирінде алтын медаль жеңіп алды

Дастан Кенжалин

Қазақстандық Алан Құрманғалиев үстел теннисінен Францияның Мец қаласында өткен халықаралық WTT Youth Star Contender Metz турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Ulyssport.

Фото: ҰОК

Спортшы 19 жасқа дейінгі жас санатында алтын медаль иеленді.

Мец қаласындағы турнирде Құрманғалиев Коннор Гринді (Англия) — 3:0, Энрике Риосты (Пуэрто-Рико) — 3:0, Ма Ёнминді (Корея) — 3:1, Флавио Мурьені (Франция) — 3:2, Ли Сынсуды (Корея) — 3:1, Юлиан Чиритуды (Румыния) — 3:1, Ян Хао-Дженді (Тайбэй) — 3:1 есебімен жеңді.