Шайбалы хоккейден әлем чемпионаты: Қазақстан Латвияға есе жіберді

Дастан Кенжалин

Шайбалы хоккейден Қазақстан құрамасы әйелдер арасындағы әлем чемпионатының IB дивизионы аясындағы соңғы матчтарының бірінде Латвиямен кездескен еді, деп хабарлайды Ulyssport.

Фото: ҰОК

Ойын барысында қарсылас команда есеп ашып, көп ұзамай басымдығын еселеп, 2:0 есебімен алға шықты. Алайда екінші кезеңде қазақстандық арулар есепті теңестіре алды. Гол авторлары — Мадина Тұрсынова мен Мунира Саяхатқызы. Бұдан кейін София Зубкова шайба салып, Қазақстан құрамасын 3:2 есебімен алға шығарды.

Алайда үш минуттан соң латвиялық хоккейшілер есепті қайта теңестірді. Ал үшінші кезеңде қарсыластар қатарынан жауапсыз төрт шайба соқты. Нәтижесінде ойын 7:3 есебімен Латвия құрамасының пайдасына аяқталды.

Александр Тебеньковтың шәкірттері әлем чемпионатындағы соңғы кездесуін 15 сәуірде Словения құрамасына қарсы өткізеді.

Қазіргі таңда Қазақстан құрамасының еншісінде бір жеңіс, үш жеңіліс бар.