Қазақстан теннистен Олимпиада ойындарын аяқтады

Редакция Ulyssport

Қазақстандық теннисшілер олимпиадалық медальдер үшін күрестен шығып қалды, деп хабарлайды Ulyssport.kz.

Фото: olympic.kz, Владислав Семенов

Olympic.kz хабарлауынша, Париж кортына соңғы болып Александр Бублик пен Александр Недовесов шықты.

Олар жұптық сайыстың бірінші айналымында Бразилиядан келген Тьяго Монтейро/Тьяго Сейбот Уайлд жұбына жеңіліп қалды.

Матч екі сетке созылды. Бразилиялықтар 6:4, 6:4 есебімен жеңіске жетті.

Осылайша, Қазақстан теннистегі өнерін аяқтады.

БАС ТАРТҚАН ТЕННИСШІЛЕР

Естеріңізге сала кетсек, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина 2024 жылы Парижде өтетін Олимпиада ойындарына қатысудан бас тартқан еді. Рыбакинаның айтуынша, Уимблдон турнирінен кейін ол жедел бронхитпен ауырған және жаттығуға қайта оралуға тырысқанына қарамастан, оның денесі әлі қалпына келген жоқ. Дәрігерлер оған кордқа шығуға қатаң тыйым салды.

Сонымен қатар Қазақстанның екінші ракеткасы Юлия Путинцева тізе жарақатына байланысты Олимпиадаға қатыспады. 1995 жылы Мәскеуде дүниеге келген Юлия Путинцева 2012 жылдан бастап Қазақстанның намысын қорғап жүр