Қазақстан жеңіл атлеттері Азия чемпионатына дайындықты бастап кетті

Редакция Ulyssport

Белекте (Түркия) жаңа жарыс маусымына арналған дайындық басталды. Ол жерде Қазақстанның көшбасшы жеңіл атлеттері оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр, деп хабарлайды Ulyssport.

ҚР ҰОК

Федерацияның баспасөз қызметінің хабарлауынша, жиынға жүгіру, секіру және лақтыру бағдарламасы бойынша 23 спортшы қатысуда.

Атап айтқанда, Белекте 200 метрге жүгіруден 2024 жылғы Азиядағы үздік нәтиже иегері Ольга Сафронова және 2022 жылғы жабық кешендегі әлем чемпионатының қола жүлдегері Надежда Дубовицкая жаттығуда.

Қазақстан ерлер құрамасының көшбасшыларына келсек, Түркияда өтіп жатқан жиынға ірі азиялық жарыстардың бірнеше дүркін жүлдегері, ядро лақтырушы Иван Иванов пен 2023 жылы жабық кешенде өткен Азия чемпионы, кедергілер арқылы жүгіруден Давид Ефремов қатысып жатыр.

Сонымен қатар маусымға дайындықты ұлттық құраманың жас толқыны да бастап кетті. Жақында ғана ел біріншілігінде ұзындыққа және үш қарғып секіруден жеңіске жеткен Зелимхан Насыров пен спринтерлік қашықтықта өнер көрсететін Маргарита Назаренко.

Қазақстандық жеңіл атлеттер бұл оқу-жаттығу жиынында 1 мамырға дейін болады. Айта кетейік, Түркиядағы жиын Кореяның Гуми қаласында 27-31 мамыр аралығында өтетін Азия чемпионатына дайындықтың бір кезеңі болып саналады.