Бибосынов Хасанбоймен Ресейдегі турнирде кездесуі мүмкін

Дастан Кенжалин

Қазақстандық Сәкен Бибосынов пен өзбекстандық Хасанбой Дусматов Хабаровскідегі турнирде кездесуі мүмкін, деп хабарлайды Ulyssport OlympicUz-ге сілтеме жасап.

Сурет: Тұрар Қазанғапов

Кеше Ресейдің Хабаровск қаласында халықаралық бокс турнирі басталды. Жеребе тарту рәсімінің қорытындысы бойынша, 54 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қызықты жағдай тіркелді.

Олимпиаданың екі дүркін чемпионы Хасанбой Дусматов алғашқы кезеңде Тәжікстан өкілі Хасан Салоходдиновпен жұдырықтасады.

«Профессор» атанған Дусматов жеңіске жетсе, келесі айналымда туған інісі Фарёзбек Дусматовпен жұдырықтасады. Ал осы жұптың жеңімпазы жартылай финалда қазақстандық Сәкен Бибосыновпен кездесуі мүмкін», — делінген мәліметте.

Айта кетейік, әлем чемпионы, қазақстандық Сәкен Бибосынов Париж Олимпиадасында 51 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ширек финалда Хасанбой Дусматовтан жеңілген болатын.